Архив событий

25/04/2016

Соттар кезекті сенбілікке қатысты

25/04/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық  соты мен Исатай аудандық сотында өткен сенбі күні сот қызметкерлерімен көктемгі тазалық  жұмыстары жүргізілді.

Сенбілік кезінде судьялар мен кеңсе қызметкерлері сот ғимараттарының ауласын тазалап, талдарды әктеп, жаңа көшеттер отырғызды.

Сондай-ақ ғимараттың қоршауларын сырлау жұмыстарын жүргізілді.

Атырауда мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы сотталды

25/04/2016

Атырау қаласының №2 соты пара алды деп айыпталған  бұрынғы «Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» ММ-нің басшысына қатысты қылмыстық істі қарады.

Қылмыстық іс материалдарында анықталғандай, сотталушы С.Ишай ЖШС «Unicorn CCC» мен ЖШС «Мистер Доорс-Атырау» компанияларының қауіпсіздік техникасына жауапты тұлғаларының білімін тексеруге арналған бақылаушы комиссия төрағасы болып тағайындалған.

Ювеналдық сотта дөңгелек үстел өтті

25/04/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Атырау облыстық сотының  судьялары, Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары, Атырау қалалық прокуратурасы, Атырау облыстық, қалалық және  аудандық білім бөлімінің, құқыққорғау органдарының өкілдері, адвокаттар, нотариустар, Әділет департаменті, «Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйі»ММ, қамқорлық органдары мен баспасөз құралдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2016 жылдың 1-тоқсанында атқарылған жұмысы бойынша баспасөз мәжілісін өткізді

25/04/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Б. Жаманбаев 2016 жылдың 1-тоқсанында сотпен атқарылған жұмысы бойынша баспасөз мәжілісін өткізді.

Сот төрағасы өз кезегінде, 2016 жылдың 1-тоқсанындағы сотпен атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық сотына 2016 жылдың 1-тоқсанында 711 арыз, 9 азаматтық іс келіп түсті (салыстырмалы түрді 2015 жылы 904 талап арыз бен 23 іс) яғни түскен талап арыздардың саны 193-ке немесе 12 пайызға кеміген.

Список кандидатов допущенных к собеседованию на занятие низовых вакантных и временно вакантных административных государственных должностей

25/04/2016

Список кандидатов допущенных к собеседованию на занятие низовых  вакантных и временно вакантных административных государственных должностей   корпуса «Б» Администратора судов по Атырауской области по решению конкурсной комиссии

 

1.     Султангалиев Аскар Мусаулы

2.     Салимгалиев Муратбек Бисенович

3.     Ібішева Айнұр Өтегенқызы

4.     Беккалиев Нурлан Жубанышкереевич

5.     Темирболатова Ажар Абаевна

Қызылқоға аудандық сотында 2016 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді

25/04/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында 2016 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жергілікті «Қызылқоға» газеті тілшілерінің қатынасуымен баспасөз конференциясы өткізілді.

Шара барысында  сот төрағасы А.Дюсебалиев 2016 жылдың бірінші тоқсанындағы қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің сотқа түсуі және қаралуы жөнінде статистикалық деректерді, сондай-ақ азаматтық істер бойынша сот төрелігі сапасын арттыруда жаңа іс жүргізу нормаларының  сақталуы  туралы  мәлімдеді.

Сотталушы мен жәбірленуші медиация жолымен татуласты

25/04/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабының 1 бөлігімен сотқа берілген Б.Қ-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сотталушы Б.Қ. 2015 жылдың желтоқсан айында бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында, «Али-Нұр» мейрамханасында жәбірленуші Г.Қ.-ның «Самсунг Галакси S7262» маркалы ұялы телефонын жасырын түрде ұрлап алып, қалтасына салып алған.

Сот актісінің орындалуы – халық сенімінің кепілі

25/04/2016

Атырау облысының Индер аудандық сотында, Индер аумақтық сот актілерін орындау бөлімінің басшысы – аға сот орындаушысы Қ.Жұмашевтің, сот орындаушысы А.Мамаеваның, жеке сот орындаушысы Е.Қадыровтың, судьялар А.Құспанов, З.Бекжанова, кеңсе қызметкерлерініңқатысуларымен, сот төрағасы Д.Тұхфатованың төрелік етуімен «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» заңы мен сот актілерін орындалуын реттейтін қолданыстағы Азаматтық процестік кодексінің кейбір нормалары семинар сабағының тақырыбы болып табылды.

Мақат аудандық сотында «Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында семинар өтті

25/04/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотының төрағасы М.Искаков судьялар мен сот мамандары арасында «2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында семинар өткізді.

Азаматтарды қабылдау нәтижелі өтті

25/04/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотының төрағасы М.Искаков азаматтарды қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген азамат Н. өзінің түсіне алмай жүрген мәселесі Банктен несие алу бойынша сұрағы екенін көрсете келіп, өзінің бір таныс адамы Банкілік несие картасы арқылы бұның атынан несие алғанын, осы жағдай бойынша өзі сотқа талап бере алатын құқығын білгісі келетінін жеткізді.