Архив событий

15/04/2016

«Сот кабинеті» сервисіндегі online – сауалнамаға қатысуға шақырамыз!

15/04/2016

Жоғарғы Сот ағымдағы жылдың 4 сәуірінен бастап сот процесіне қатысушылар мен «Сот кабинеті» сервисін тұтынушылар арасында online-сауалнама жүргізуді бастады.

Сауалнама жүзеге асырылып жатқан реформалар, сондай-ақ «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде қазақстандық соттар жұмысының сапасы мен қолжетімділігіне азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Жылыой аудандық сотында «Сот ғимаратында қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті

15/04/2016

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында «Аудандық сот ғимаратының қауіпсіздік шараларын күшейту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс шараға сот төрағасы А.Саудабаев және Атырау облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полицейлері  Қ.Илесов, Н.Бөлекбаев, А.Жакасов, А.Серікбаевтар қатысты.

Шараның мақсаты - «Күзет» қызметкерлері арасындағы байланысты нығайту, сотқа қатысушылардың судьялармен және сот қызметкерлерімен процессуалдық емес байланысын болдырмау, сот ғимаратына кіру тәртібін күшейту болып табылады.

Сотта жұмыс беруші мен жұмысшы бітімгершілік келісімге келді

15/04/2016

Атырау қалалық сотымен талап қоюшы Ж.Отаровтың жауапкер «КазТрансГаз Өнімдері» ЖШС-не бұрынғы жұмыс орнына қайта орналастыру,  лажсыз бос жүрген күндеріне жалақы  және моральдық залал өндіру туралыазаматтық  ісі қаралды.

Сот отырысы барысында тараптар бітімгершілік келісім бекітіп, келісімге сай жауапкер талап қоюшыны бұрынғы Мақат аумағындағы автобус көлік құралы жүргізушісі лауазымына орналастырады, ал талап қоюшы өзінің талап арызынан бас тартады.

Жылыой аудандық сотында жедел отырыс өткізілді

15/04/2016

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында 2016 жылдың І тоқсанын қорытындылау бойынша жедел кеңес өткізілді.

Жедел отырысқа аудандық сот төрағасы, судьялары мен сот қызметкерлері қатысты.

Прокурор мен сотталушы арасында кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процессуалдық келісім жасақталды

15/04/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотында сотталушының кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процессуалдық келісіммен қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Д. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 380 бабы 1 бөлігімен (билік өкiлiне қатысты күш қолдану) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің заңнамаларын талқылау бойынша семинар

15/04/2016

Атырау облысының Индер аудандық сотында сот төрағасы Д.Тухфатованың төрелік етуімен, судьялар А.Құспановтың, З.Бекжанованың, ішкі істер органының және денсаулық сақтау ұйымының өкілдерінің қатысуларымен жаңа қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің заңнамалары, оның ішінде кодекстің 39 тарауында бекітілген: Алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымға оның келісімінсіз мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы істер бойынша іс жүргізу тақырыбында семинар сабақтары өткізілді.

Сотталушы медиациялық келісім негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

15/04/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің  188 бабының 2 бөлігі 3 тармағымен («ұрлық», яғни бөтеннің мүлкін тұрғын үй-жайға заңсыз кірумен жасырын жымқыру) сотталушы Б.-ға қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, соталушы Б. 2015 жылдың қазан айында Мақат поселкесінде орналасқан жәбірленуші Б.-ның үйіне заңсыз еніп, барлық құны 200 000 теңге мүлкін ұрлаған.

Сотта сотталушы Б. өзінің айыбын толықтай мойындап, әрекетіне өкінді.

Сот құқықбұзушыны ортақ пайдалану орындарын ластағаны үшін жазалады

15/04/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы Н.М-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Құқықбұзушы Н.М. 2016 жылдың наурыз айында Береке ауылы, Түсіпқалиев көшесі бойында шемешкі шағып, қалдығын жерге лақтырып, белгіленбеген орындарға қалдықтарды тастап, ортақ пайдаланатын орындарды ластап,ұсақ бұзақылық әрекеттерін жасаған.

Құқықбұзушы Н.М. сот отырысында өз кінәсін толық мойындап,  ондай іс-әрекетті енді қайталамайтынын айтты.

Дауды медиациялық тәртіпте реттеді

15/04/2016

«Полимер Маркет»ЖШС-гі«AquaLife Company»ЖШС-нен тауарды жеткізу келісім шарты негізінде пайда болған бережақ 1 237 625 теңгені,айыппұл 145 334 теңгені және 185 336 теңге шығынды өндіруді сұрап сотқа талап арызбен жүгінді.

Сот отырысында судьямен тараптар өкілі өзара келісіп, өтініш беруімен  сот медиациясы өткізілді.

Нәтижесінде,  тараптар дауды медиациялық тәртіпте реттеу туралы медиациялық келісім жасасты.