Архив событий

28/04/2016

Сотпен медиациялық келісім бекітілді

28/04/2016

Атырау  қалалық сотымен  татуластыру  рәсімдерін  кеңінен  қолдану  жалғастырылуда.

Талап қоюшы А. сотқа жол - көлік оқиғасына кінәлі жүргізуші В.-нің  жұмыс берушісі жауапкер «Р» ЖШС-нен 733 000 теңге материалдық шығынын өндіруді  сұраған талап арызымен сотқа  жүгінген.

Азаматтық ісі бойынша тараптар өздерінің құқықтарын пайдаланып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы медиациялық келісімді ұсынды.

50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындалды

28/04/2016

Азамат Т.Б. 2016 жылдың наурыз айында көрнеу қылмыстық жолмен табылған балықтарды иемдену мақсатында Құрманғазы ауданы, Ганюшкин ауылында орналасқан «Серпер» базарының жанында өзіне бұрын таныс емес ер адамнан  бір килосын 250 теңгеден, жалпы салмағы 98 кг болатын «сазан» қара балыған сатып алған.

Келесі күні сол балықтарды сату мақсатымен Атырау қаласына келіп, Атырау қаласының Бергалиев көшесі бойында жол полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Медиатормен алдын-ала сот отырысы барысында медиация жүргізілді

28/04/2016

«АЛТИМ-СТРОЙДЕТАЛЬ» ЖШС-гі «Дана Сервис» Б.Бөлекбаев жеке кәсіпкерінен жихазды дайындау және жеткізіп беру бойынша келісім шарт негізінде пайда болған берешек 5 548 895 теңгені, өсімпұл 52 715 теңгені өндіруді сұрап сотқа талап арызбен жүгінді.

Алдын-ала сот отырысы барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу жөніндегі келісімді сотқа ұсынды. Медиация Ұлттық медиация лигасының медиаторы М.Мухатаровамен жүргізілді.