Архив событий

05/04/2016

Жүргізуші мас күйде болған

05/04/2016

Атырау қаласының  мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, құқықбұзушы М. 2016 жылдың ақпан айында «Ваз 21900» маркалы авоткөлігін Атырау қаласы, Геолог поселкесі, «Агат» дүкенінің маңында алькагольдік масаң күйде басқарып, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Сот шетел азаматын көші-қон талабын бұзғаны үшін елден шығарды

05/04/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен құқық бұзушы Т.-ға қатысы ӘҚБтҚРК-нің 517 бабының 2 бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Іс-құжаттарына сай, құқық бұзушы Т. 30 тамыз 2015 жылы Қазақстан Республикасының аумағына кірген және күнтізбелік бес күн өткеннен кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасының аумағында болып, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған.

Сот алименттен жалтарған әкені әкімшілік қамаққа алды

05/04/2016

Атырау облысы Жылыой аудандық сотының сот бұйрығымен борышкер А.Д-дан  өндіріп алушы А.А.-ның  пайдасына  ортақ некеде туған баласына ай сайынғы асырап бағу үшін тапқан табысының 1/3 бөлігі мөлшерінде алимент өндірілген.

Алайда, сотта борышкердің Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669 бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық әрекет – сот актісін орындаудан жалтарғаны анықталды. Берешек соммасы 672 257 теңгені құраған.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін көлік құралын басқару құқығынан 3 жыл мерзімге айырылды

05/04/2016

Құқық бұзушы Ж.Т. 2016 жылдың наурыз айында «Ваз-21310» маркалы автокөлігін Аққыстау селосы, Ынтымақ көшесіндегі «Арна» азық-түлік дүкені тұсында өзі басқарып келе жатқанда жол-патрульдік полициясы тоқтатып, құжаттарын тексеру кезінде бұдан алкоголь иісін сезіп, медициналық куәландыруға алып барған.