Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотында ашық есік күні өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотында «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Аталған шара өткізілетіні жөнінде алдын ала жергілікті «Серпер» үнжариясында хабарлама жарияланған.

Азаматтарды қабылдау сот төрағасы Е.Амангалиевпен жүргізілді.

Шара барысында сот төрағасының қабылдауында Ганюшкин ауылының тұрғыны Б.Избанова болып, жұмысқа қайта орналастыру мәселесіне қатысты туындаған сауалдарын қойды.

Қойылған сауалдарға сот төрағасымен заң тұрғысынан тұжырымды жауаптар берілді.

«Ашық есік күні»  шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сонымен қатар, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізілді.

 

Қайнар: 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі