Италия азаматы Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қалалық сотымен Италия Республикасының  азаматы  Сидагни Флавиони Казақстан Республикасының  заңнамасын  бұзғаны  үшін Қазақстан  Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысы барысында Италияның азаматы Ф.Сидагни Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық кодексінің 259-бабының 3 бөлігінің  «б», «в» тармақтарында (ескі редакцияда)  көзделген  қылмыстық іс  әрекеттер жасаған.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 14 қыркүйек 2010 жылғы үкімімен Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық кодексінің 259-бабының 3 бөлігінің  «б», «в» тармақтарына көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы кодекстің 55-бабын қолданып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазаға, жазаны түзеу колонияның қатаң режимінде өтеуге сотталған, мерзімінің басталуы 2010 жылдың 20 сәуірінен бастап есептелген.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 01 тамыз 2014 жылғы қаулысының негізінде Ф.Сидагни сот тағайындалған жазадан мерзімінен бұрын 1 жыл 8 ай 18 күнге шартты түрде босатылған.

Аталған уақыттан бері Ф.Сидагни Ақтау қаласына барып, жұмыс жасаған, 2016 жылдың 19 сәуірінде жазасының мерзімі аяқталғаннан кейін Атырау қаласына келіп, миграциялық полициядан еліне кету үшін визаны ресімдеуге келген, алайда Ф.Сидагнидың соттылығы жойылмаған, ол Қазақстан Республикасының халқының денсаулығына, адамгершілігіне қарсы ауыр қылмыс жасаған.

Қазақстан Республикасының «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Заңының 28 бабының в) тармақшасына сәйкес, шетелдік егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзса Қазақстан Республикасының шегiнен шығарылуы мүмкiн.

Осы негізде сотпен заң талаптарына сәйкес Италияның азаматы Сидагни Флавиони  Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарылып, оған  Республикасы аумағынан кетуге 15 күн мерзім уақыт берілді.

Шешім заңды күшіне енді. 

Фото авторы Қанат Елеуов "Ақ Жайық" газетінің сайтынан

Қайнар: 
Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі