Түркия азаматы Атырау қаласының әкімішілік сотының судьясы Ж.Хабаровқа алғыс білдірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Түркия елінің азаматы Гюль Юсуфтан  Атырау облыстық сотына судья Жанат Хабаровтың атына Алғыс хат келіп түсті.

Гюль Юсуф Алғыс хатында Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Ж.Хабаровқа ризашылығын білдірді.

«Мен, Түркия елінің азаматы Гюль Юсуф, маған қатысты Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында судья Хабаров Жанат Саматұлының өндірісінде әкімшілік іс қаралған болатын.

Аталған істі қараған кезде судья Хабаров Жанат Саматұлы сот төрелігін жүзеге асыру барысында өзіне тапсырылған міндетті адалдықпен атқарып, судья мандатына жоғары деңгейде лайықты екендігін көрсете білді. Істі қарау барысында заң нормаларын сақтап, объективті түрде жан-жақты, әділ шешім шығарды.

Менің Қазақстан Республикасының сот жүйесінің жоғары деңгейде екендігіне және әділдігіне көзім жетті.

Сол үшін Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Хабаров Жанат Саматұлына өз алғысымды білдіремін», - деп жүрекжарды лебізін жеткізген автор.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі