Құрманғазы аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің хаттамаларының рәсімделуі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған мемлекеттік органдармен бірлесіп өткізілетін жұмыс жоспары бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің хаттамаларының рәсімделуі»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Құрманғазы ауданы прокурорының көмекшісі А.Сүйналиев, Құрманғазы аудандық ІІБ-і көші-қон бөлімінің бастығы, полиция майоры Б.Кургеналиев, Құрманғазы аудандық ІІБ-нің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Р.Амиров, Құрманғазы аудандық ІІБ-нің жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Б.Караева, Құрманғазы аудандық ІІБ-нің жол патрульдік полицияның сержанты Н.Мукушев, Құрманғазы балық инспекция бөлімінің маманы Т.Куаналиев, Құрманғазы ауданы бойынша «Серпер» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі А.Гумаров, 2016 Әскери бөлімінің аға лейтенанты Б.Кусайнов, аудандық соттың судьялары, кеңсе меңгерушісі және сот қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел тақырыбы бойынша судья Б.Меңсеитова баяндама жасап, сотқа келіп түсетін әкімшілік істер бойынша әкімшілік істерді қозғайтын органдармен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар ӘҚБтК-нің талаптарына сай толтырылмайтындығы, істің дәрежеленуі қате болатын фактілер жиі кездесетіні, соның салдарынан істерді қарау барсында көптеген қиындықтар туындап, істер созбаланға салынатындығы туралы айтып өтті.

Әкімшілік істер бойынша хаттамалар жасайтын органдардың өкілдері баяндамашымен келісіп, өз тараптарынан әкімшілік істерді рәсімдеу барысында туындайтын өзекті мәселелер жөнінде айтып,оны болашақта болдырмау туралы өз ойларын ортаға   салды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар әр орган өз саласы бойынша тиісті жоғарғы органдарға ұсыныстар жолдау қажетті туралы қорытындыға келді.

Қайнар: 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі